Азия ойындарына дайындық

Азия ойындарына дайындық
Сурет: ашық дереккөз

Көк туды Шымбергенов пен Дубовицкая ұстап шығады.

Тура бір айдан кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында жылдың басты бәсекесі Азия ойындары басталады. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге ұлттық құрама қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Күні кеше ашылу салтанатында көк байрағымызды ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды. Бұл құрметке бокстан Ұлттық құрама капитаны әрі Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден ұлттық құрама үздігі әрі Азия чемпионы Надежда Дубовицкая ие болды. Байрақты бәсекені қабылдайтын Ханчжоу қаласында да қазір қарбалас.

12 миллион тұрғыны бар қалада спорттық инфрақұрылымдар толықтай қолданысқа беріліп, тесттік жарыстар өткізіліп жатыр. Азия ойындарында 474 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 381-і олимпиадалық, 93-і олимпиадалық емес спорттар бойынша. Бірер күн бұрын құрлықтық доданың билеттері ресми сатылымға шықты.