Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығы іске қосылады

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығы іске қосылады
z-taraz.kz

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығы іске қосылады. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Бүгінде Әкімшілік Үкіметпен бірге Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығын іске қосуға дайындалып жатыр. Ол Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтармен тікелей коммуникация стандартын жасауға мүмкіндік береді. Әкімдер жергілікті жерлерде де осыған ұқсас жұмысты қалыптастыруы тиіс. Халықпен коммуникацияның барлық вертикалі сапасын Үкімет қамтамасыз етуі қажет. Әдістемесі мен бақылауды Президент Әкімшілігіне тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.