Автомектептер 441 млн теңгеге қызмет көрсетті

Автомектептер 441 млн теңгеге қызмет көрсетті
Сурет: ашық дереккөз

Жыл басынан бері жүргізушілерді даярлау мектептері көрсеткен қызметтердің көлемі 441,3 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. .

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, Ұлттық статистика бюросы мұның ішінде бюджет есебінен 27,3 млн теңге, кәсіпорындар есебінен 44,9 млн теңге, халық қаражаты есебінен 369 млн теңгеге қызмет көрсетілгенін мәлімдеді.

«Қызметтердің ең көп көлемін Батыс Қазақстан облысының автомектептері көрсеткен – 64,5 млн теңгеге, одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстары сәйкесінше 55,2 млн және 46,8 млн теңгеден. Көлік жүргізушілерін оқыту бойынша қызметтің ең аз көлемі Шымкент қаласында – 3,4 млн теңгеге», - деп жазды ведомстводан.