Ақысы желінгендер күн сайын Еңбек инспекциясына арызданады

Ақысы желінгендер күн сайын Еңбек инспекциясына арызданады
Сурет: Almaty.tv

Елімізде 9 миллион еңбек адамы бар.

Еңбек инспекциясына 1 күнде үстеме жұмысына ақы алмаған 10 адам арызданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елімізде 1 миллион 300 мың қызметкер заң бойынша бекітілген уақыттан артық жұмыс істесе, 2 жарым мың қазақстандық аптасына бар-жоғы 5 сағаттан артық еңбек етпейді екен.

Көбіне құқығы бұзылатын қай сала мамандары?

Жыл басындағы көрсеткішке сүйенсек, Қазақстанда 9 миллион еңбек адамы бар. Оның 7 миллионға жуығы аптасына 36-40 сағат, миллионнан астамы 41 сағат жұмыс істейді. Сағатқа қарамай еңбек ететіндер арасында сатушылар көш бастап тұр, 267 мың адам. Бұл санатқа мемлекеттік қызметшілер де кіреді. Оларға артық жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленуі керек. Дегенмен, еңбек инспекциясы құқығы бұзылған жұмысшылардың арызынан көз аша алмай тұр.