Елімізде ХІІ Жазғы универсиада өтіп жатыр

Елімізде ХІІ Жазғы универсиада өтіп жатыр
Сурет: Baribar.kz

55 жоғары оқу орнынан келген 3000 студент 17 спорт түрінен бақ сынайды.

Жарыс 1 ай көлемінде болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақтау қаласында алғаш рет жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада өтіп жатыр.

Бұл жолы ұйымдастырушылар Дүниежүзілік Универсиада бағдарламасына басымдық берді. Еліміздің 55 жоғары оқу орнынан келген 3000 студент жеңіл атлетика, таеквондо, дзюдо сынды 17 спорт түрінен бақ сынайды. Биыл бәсекенің тағы бір ерекшелігі - бір аймақта өтуі. Өйткені осыған дейін әр спорт түрі әр өңірде өткен болатын.

"Дайындық өте жақсы. Біз осыған дейін 11 универсиадада футболдан 4 рет чемпион және 4 рет күміс жүлдегер болғанбыз. Бізде бұл спорт түрлері жоғары деңгейде. Мынау университеттің басшылығы, спортшыларға көрсетіліп жатқан қолдаулары өте жоғары", - деді М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ресми өкілі Нұрлан Қыдырбекұлы.