Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасынан басым түсті

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасынан басым түсті
kazgazeta.kz

Иорданияда гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда

Қазақстан командасы өз тобында үш ойын өткізіп үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап

Топтағы үшінші ойында Қазақстан командасы Өзбекстанмен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде 31:28 есебімен Қазақстан командасы жеңіске жетіп, А тобындағы екінші орынға тұрақтады. 

Қазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Оңтүстік Кореяға есе жіберген. Екі команданың де еншісінде алты ұпайдан бар.

Келесі ойында топ көшбасшылары өзара кездеседі.