Астанада тұңғыш рет Құран жарысы өтуде

Астанада  тұңғыш рет Құран жарысы өтуде
muftyat.kz

Астана қаласында 1-2-қараша күндері  тұңғыш рет І халықаралық Құран жарысы өтеді

Республикалық бас мешітте І халықаралық Құран жарысының жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе тарту рәсіміне наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қатысып, қариларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жарыстың ережесі мен шарттарын қосымша ескертіп өтті.

Елімізде тұңғыш рет Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін Құран жарысына 18-30 жас аралығындағы 26 елдің қарилары, сондай-ақ Қазақстан атынан екі жас қари қатыспақ.

Айта кетейік, екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.