Алматы полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты

Алматы полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қылмыстың бірі Жұмабаев көшесінде орналасқан көлік жуу орнында жасалған. Жәбірленуші көлігін көлікжууға қалдырып кеткенін, оны қайта алған кезде 160 мың теңгенің жоғалғанын анықтағанын айтты. Бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен 2000 жылы туған Я.есімді азамат ұсталды. Райымбек даңғылы бойындағы азық-түлік дүкенінде тағы бір мүліктік қылмыс болды. Сауда мекемесінің әкімшілігі тұрмыстық заттардың санына жетпей, полицияға хабарласқан. Анықталғандай, дүкен сөрелерінен 2001 жылы туған А.есімді азамат ұрлық жасап жүрген. Айтпақшы, ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол да ұсталды», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Екі жағдайда да ұрлық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тергеушілер қазір күдіктілердің осыған ұқсас басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.