Азаматтарымыз қай бағыттар бойынша ұша алады?

Азаматтарымыз қай бағыттар бойынша ұша алады?
Сурет: Яндекс.Дзен

Бірқатар әуе бағыттары ашылады

Халықаралық әуе рейстерін орындауға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нұр-Сұлтан қаласынан/қаласына Мәскеу, Дубай, Франкфурт, Ыстамбұл, Кутаиси, Ташкент, Пхукет, Гоа, Санкт-Петербург, Коломбо, Бішкек, Мале, Омбы, Тбилиси қалаларынан/қалаларына 36 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр, Красноярск қаласынан/қаласына 2 рейс тоқтатылды.

Ақтау, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан Үргеніш, Нүкіс, Амстердам, Ыстамбұл, Шарджа, Пхукет, Мәскеу қалаларынан/қалаларына, Алматы, Ақтау, Түркістан қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Сеул, Минск, Кувейт, Калининград, Душанбе, Мәскеу, Үргенч қалаларынан/қалаларына 18 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр. ҚР бойынша барлығы 54 рейсті орындау жоспарланып, 22 рейс тоқтатылды.

«Lufthansa» және «Turkish Airlines» авиакомпанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді.

«Turkish Airlines» авиакомпаниясы 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласына ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.