Астана халықаралық әуежайы ескерту жариялады

Астана халықаралық әуежайы ескерту жариялады
Сурет: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайы ескерту жариялады, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

10 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Бүгін сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешігуі мүмкін. Қазір әуе айлағында қалың қар жауып, желдің екпіні 15 м/с-ға жетті, - деп жазылған хабарламада.

Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс техникалық себепке байланысты кешігіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе шегерілуі тіркелмеді.

Әуеайлақты қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Оған 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Рейстер