Мен атамнан қаштым... Түркістанда декоративті шар домалап кетті

Мен атамнан қаштым... Түркістанда декоративті шар домалап кетті
Сурет: Astanatv.kz

Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы 2021 жылы пайдалануға берілген Керуен сарай кешенінде сәнді декоративтің желмен домалап бара жатқан видеосы тарауда. Оны ғаламторға жүктегендер оны «Бауырсақ» ертегісіндегі «бауырсаққа» теңеген.

Бұл жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Бұл шар инвесторлардың есебінен салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ақпаратта көрсетілген оқиға 28 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы Керуен сарай кешенінде болған. Қатты желдің салдарынан сәндік (декоративті) шардың бірі үзіліп, су бассейніне түскен. Шардың салмағы 5 келіден аспайтын, жеңіл болуы себепті желдің екпінімен қозғалып үзілгенін және бұл келеңсіздіктен ешкім зардап шекпегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда шар белгіленген орнына қайта бекітіліп, қалпына келтірілді», - делінген жауап берілді.

Түркістан қаласында ауа райы жайлы болатыны белгілі. Дегенмен, ауа райының тосын мінез танытпасына кепілдік жоқ. 

Әлеуметтік желіде домалаған шар құсап, таралып жатқан бұл видеоның соңында жазылған пікірлердің бір парасын назарларыңызға ұсынсақ:

«Бюджеттің ақшасы осылай домалап кете береді)», «1 млн теңге түсіп қалды», «Жақсы өмірді іздеп кеткен шығар...», «Қазақстандағы азық-түлік бағасы сияқты бұл да еркін айналымға кетті»,«Жемқорлық. Содан қашып кеткен ғой».