Сирияның Алеппо провинциясында ғимарат құлап, 16 адам қаза тапты

Сирияның Алеппо провинциясында ғимарат құлап, 16 адам қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Үйде жеті отбасы тұрып келген.

Жексенбі күні Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үйдің құлау салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын бес қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, үйде жеті отбасы тұрып келген.

"Сана" мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар аман қалғандарды әлі іздестіріп жатыр.