Ashyq жобасында қандай өзгерістер бар?

Ashyq жобасында қандай өзгерістер бар?
Сурет: Almaty.tv

Осы аптадан бастап Ashyq жобасы қала тұрғындарына қандай артықшылықтар ұсынбақ?

Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді.

КВИ-ге қарсы екпе алған азаматтар қосымшада «жасыл» мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады.

Айтуар Қошмамбетов 4 маусымдағы жағдай бойынша Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер саны 1 700-ге дейін өскенін айтты.

«Бұл, жалпы, ерікті қатысушылардың саны, жоба өзінің халыққа тиімділігін көрсетті. Бизнесмендер жобаға оң баға беріп, оның артықшылықтарын көріп, жобаға қосылғысы келеді», - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.