Ашық есік күні өтеді

Ашық есік күні өтеді
Сурет: Іnform.kz

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында өтеді.

22 желтоқсан сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай даңғылы 90 мекенжайындағы Алматы бас жоспары ғимаратында басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қала тұрғындары мүлік иелері бірлестігі (МИБ) мен қарапайым серіктестікке (ҚС) көшу алгоритмдері және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Қатысушылар бетперде тағу режимі мен санитарлық нормаларды сақтауы керек.

Анықтама телефоны: 225-14-31.