Алдағы күндері қар жауып, жел күшейеді

Алдағы күндері қар жауып, жел күшейеді
Сурет: ganc-chas.by

Ауа райы тұрақсыз болады.

«Қазгидромет» мамандары 22-24 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатта болады. Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклонмен қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжанады.

«Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Синоптикалық процестердің тез ауысуымен температурасының күрт өзгеруі күтіледі, атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 градус аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.