Аружан келесі айналымға өтті

Аружан келесі айналымға өтті
Сурет: sports.kz

Қазақстандық Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Әлемнің 792-ракеткасы А.Сағындықова алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен таласады