Алматыда тұрғын үй өртенді

Алматыда тұрғын үй өртенді
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Өрт салдарынан 13 адам көз жұмды

Алматы қаласы ТЖД-ға 30 қараша таңғы сағат 05:33-те Ади Шәріпов көшесіндегі ғимарат өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жеткен. Олар бірден ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі жатаханаға айналған 3-қабатты тұрғын үйдің жанып жатқанын көрген.

Алдын-ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр.

Өрт таңғы сағат 06:22-де сөндірілді. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өрттен 13 адам қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Адамдар көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған, – деп жазылған қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өртті сөндіруге 46 маман мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт себебі мен адамдардың нақты неден қайтыс болғаны анықталып жатыр.