АӨСШК кезекті саммиті 2026 жылы өтеді

АӨСШК кезекті саммиті 2026 жылы өтеді
Сурет: Ақорда

Бұл туралы аталған кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлім етті

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жетінші саммиті 2026 жылы өтеді. Бұл туралы аталған кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлім етті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

«Біздің процедураларымызға сәйкес, кеңес саммиті 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Сонымен қатар әр 4 жыл сайын министрлердің кездесуі өтеді. Демек, бүгін, 2022 жылы саммит өтті. 2024 жылы министрлер кездесуі ұйымдастырылады. Соған орай 2026 жылы кезекті саммит болады», - деді ол елордада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-саммиті қорытындысына орай өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.