Алтынның бағасы қымбаттай бастады

Алтынның бағасы қымбаттай бастады
Сурет: Kommersant.ru

Унциясына 1852 долларға жетті.

Әлемдік биржаларда алтынның бағасы қымбаттап, унциясына 1852 долларға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.

Соңғы рет мұндай меже 2022 жылдың маусым айының ортасында тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, бұған жаһандық валюта нарығындағы АҚШ долларының әлсіздігі және нарықтағы құбылмалылық себеп.

Сонымен қатар мамандар мұны экономикалық дағдарыс кезеңінде көпшілік тұрақты инвестиция құралын таңдайтынымен байланыстырып отыр.