Алтынды алып өте алмады

Алтынды алып өте алмады
Сурет: ашық дереккөз

Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 келі.

Шымкентте алтын құймалары контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

2023 жылғы 4 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:10 шамасында «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің мамандары Шымкент-Стамбул халықаралық әуе рейсіне қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шымкент» шекаралық бақылау бөлімшесінің (авиациялық)  қызметкерлерімен бірлесе, Шымкент қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің көмегімен Қазақстан Республикасынан заңсыз қымбат металды әкетудің жолы кесілді. Осыған қатысы бар Қазақстан азаматы ұсталды. 

 1,434 келі тартатын алтын құймалардың ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша алдын ала құны 41 148 000 теңгені құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес құрамында бағалы металдар бар бағалы металдар мен шикізат тауарларына қатысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелудің және ЕАЭО кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылады.

Осы құқықбұзушылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігі бойынша (экономикалық контрабанда, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу) АТК (КУИ) тіркелді.

Осы факт бойынша материалдар ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.