"Алтын Орда" маңында 77 жастағы кейуананы көлік қағып, мерт болды

"Алтын Орда" маңында 77 жастағы кейуананы көлік қағып, мерт болды
Сурет: Politsib.ru

Жолда абай болыңыздар!

"Алтын Орда" базары маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаның видеосы тарады. Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайдың 7 қазан күні сағат 18.50 кезінде болғанын хабарлады.

«Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің Ш. есімді жүргізушісі Ташкент жолының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста А. есімді кісіні қағып кеткен. Ол жүріс бөлігін оңтүстік бағытта, белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан 1944 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.