Досхан Жолжақсыновқа «Отан» ордені салтанатты түрде табыс етілді

Досхан Жолжақсыновқа «Отан» ордені салтанатты түрде табыс етілді
Сурет: Іnform.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың актер, режиссер Досхан Жолжақсыновты «Отан» орденімен марапаттау туралы Жарлығы шыққанын кеше хабарлағанбыз.

Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі дүркін иегері Досхан Жолжақсыновқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл мәртебелі марапат танымал актерге ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысты.