Алматының жаңа ЕТЖ қала тұрғындарының пікірін ескере отырып әзірленді

Алматының жаңа ЕТЖ қала тұрғындарының пікірін ескере отырып әзірленді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі бекіткен егжей-тегжейлі жоспарлау (ЕТЖ) жобаларын әзірлеу кезінде қала тұрғындарының қоғамдық талқылаулар мен сауалнамалық зерттеулердің қорытындылары бойынша ұсыныстары ескерілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қоғамдық тыңдауларда 500-ге жуық ұсыныс түсті. Сонымен қатар, 17 мыңнан астам қала тұрғынының сауалнамасы талданды. 

ЕТЖ әзірлеушілер жеке және аз қабатты құрылыс мәселелері бойынша аудан белсенділерімен және тұрғындарымен көптеген кездесулер өткізді. Олардың тілектерін ескере отырып, қаланың қолданыстағы құрылыс аумақтарын игеру кезеңділігі анықталды – бірінші кезекте 2030 жылға дейін және одан кейін 2040 жылға дейін. 

Еске салсақ, жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген. Бас жоспарда біздің мегаполистің дамуының моноорталық моделінен полиорталық көшу принципі жатыр. Осылайша, 2030 жылға дейін қала әкімдігінің жобалық офисі аясында 5 полиорталық құрылатын болады – олар арнайы аймақтар, қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары: «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс». 

Жаңа ЕТЖ-дың негізгі мақсаты-инфрақұрылымның стратегиялық дамуын ескере отырып, хаотикалық құрылыс салуды болдырмау және жер учаскелерін тиімді бөлу. Бұл ретте алдыңғы ЕТЖ-мен салыстырғанда негізгі өзгерістер игерілмеген аумақтарға әсер етті. Оларды әзірлеу кезеңінде аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, әр учаске бойынша түсініктемелер жүргізілді. 

ЕТЖ-да Алматының үздік әлемдік тәжірибелері, географиялық және климаттық ерекшеліктері ескерілді. Олар тұрақты және функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған, қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды трассалаудың, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.