Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!

Алматы облысының тауларында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.