Алматының ел бюджетіне қосқан үлесі екі есеге жуық өсті

Алматының ел бюджетіне қосқан үлесі екі есеге жуық өсті
Сурет: ашық дереккөз

Алматы Қазақстан бюджеті үшін басты донор болып қала береді. 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша республикалық қазынаға түсімдер 2,14 трлн теңгені құрады, ал өсім – 46%.

Қала бюджетіне де салым ұлғайтылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін қаржы 29% - ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті қала басшысы. 

Алматы - ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көп жылдан бері көшбасшы.