Алматының туристік саласының қызметкері бейіндік оқытуға жіберіледі

Алматының туристік саласының қызметкері бейіндік оқытуға жіберіледі
Сурет: интернеттен

Алматының туристік әлеуеті зор.

Басым міндеттердің бірі-мегаполис қонақтары үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдындағы есебі барысында мәлімдеді. Ол " Осы мақсат аясында 2023 жылы 1000 сала қызметкері ағылшын тілі мен қонақжайлылық негіздері бойынша білім алады" деді.

"Тау туризмін дамытуда үлкен тәжірибесі бар халықаралық компаниялар консорциумымен ("Horwath HTL "және" PGI") бірлесіп, сіз берген тапсырманы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтай отырып, тау кластерін дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу жүргізілуде", – деп толықтырды Ерболат Досаев.