Алматының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Уақытша қолайсыздық жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының ақпаратына сәйкес, келесі көшелер бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті мен айналма жол 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан 06:00 аралығында;
-  Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік беті мен солтүстік-шығыс жол 9 қазан сағ. 22:00 мен 10 қазан 06:00 аралығында;
- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан сағ.06:00 және 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында;
-  Рысқұлов даңғ. Жангелдин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында.

Жол қозғалысы келесі көшеде толық жабылады:
- Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беті - 7 қазан сағ. 22:00 мен 8 қазан 06:00 аралығында;

«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген қалалық мобильділік басқармасының хабарламасында.