Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды

Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды
Сурет: Zakon.kz

Автобус жолаушылары зардап шекті.

Алматыда №44 бағыттағы автобус MAN жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Автобус Әшімов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қиылыстан өте бергенде, қарсы беттен жүк көлігі шығып, соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан автобус жолдан тротуарға қарай сырғып, жолай бірнеше ағашты құлатып кетті.

Апат салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді, автобустың қалған жолаушылары ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Жүк көлігінің жүргізушісінің айтуынша, көлік тежегіші істен шыққан.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.