Алматының Әуезов ауданында жаңа емхана салу үшін жер учаскесі сатып алынды

Алматының Әуезов ауданында жаңа емхана салу үшін жер учаскесі сатып алынды
Сурет: Jasqazaq.kz

Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы №18 емхананың жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында 340 келушіге арналған болашақ емхананың құрылыс алаңын аралады. Ауданы 0,5 га жер учаскесі медициналық мекемелердің жүктеме мәселесін шешу үшін жеке тұлғадан сатып алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ескірген «Дубоктың» орнына №18 қалалық емхананың жаңа филиалы салынады. Қазір шағын ауданның 11 мыңға жуық тұрғындары медициналық қызмет алатын ғимаратқа 45 жыл толды. Ол медициналық мекемелерге қойылатын заманауи талаптарға сай емес, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау жүйелері әбден тозған. Жаңа емханада пациенттерге диагностикалық қызмет көрсету, сондай-ақ күндізгі стационар қызметтері қолжетімді болады, кезекте тұрғандарға арналған орындар көзделеді, автомобиль тұрағы ұйымдастырылады.

Қала басшысы емхананың кіреберісіне назар аударды: азаматтарға ыңғайлы және кептелістерді болдырмау үшін Ерболат Досаев екі жақты қозғалыс және екі жаққа да еркін өту мүмкіндігі бар жолды ұзарту мәселесін пысықтауды тапсырды. 

Мамыр ш/а-да Әуезов ауданының тұрғындары үшін емхананың технологиялық жабдықталған қосымша филиалы ашылды. Әуезов ауданының аумағында барлығы 11 мемлекеттік медициналық ұйым жұмыс істейді, оларға 261,1 мың адам тіркелген. Сондай-ақ 38 жеке медициналық мекеме жұмыс істейді.