Алматыны қалың тұман басады

Алматыны қалың тұман басады
Сурет: Ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 2 ақпанда, Алматыны тұман басады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласының үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.

2 ақпанда аспанды бұлт басады, күн аяғында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең тұман басады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

3 ақпанда күн бұлтты, арасында қар аралас жаңбыр жауады (жаңбыр, бұрқасын). Түнде және таңертең тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.