Алматылықтар мемлекеттік Әнұранды саябақтарда, СОСО мен қоғамдық кеңістіктерде тыңдайды

Алматылықтар мемлекеттік Әнұранды саябақтарда, СОСО мен қоғамдық кеңістіктерде тыңдайды
Cурет: Ашық дереккөз

Қала тұрғындары мемлекеттік Әнұранды Абай алңында тыңдай алады

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күні Алматы әкімдігінің бастамасымен сағат 10.00-де мемлекеттік Әнұранды қосу және орындау үшін флешмоб өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылып, Әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, мемлекеттік Әнұранды орындауға шақырады.

Қала тұрғындары мемлекеттік Әнұранды Абай алңында (Республика Сарайы алдында) тыңдай алады.

Акцияның мақсаты — азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру.

Еске салсақ, Мемлекеттік Әнұранды көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар тұрып ән айтады (тыңдайды), ал Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. Мемлекеттік Әнұран мәтіні мен музыкалық басылымға сәйкес мемлекеттік тілде орындалады.