Тамақ тұтынуда қарт адамдардың қандай зиянды әдеттері бар?

Тамақ тұтынуда қарт адамдардың қандай зиянды әдеттері бар?
Сурет: Ntv.ru

Дәрігер қарт адамдар үшін зиянды әдеттерді атады

Америкалық дәрігер-диетолог Кортни Данджело егде жастағы адамдардың тамақ тұтынуда жіберетін зиянды әдеттерін атап берді. Мұндай әдеттер жастар үшін де зиянды, жастары ұлғайған сайын денсаулыққа кері әсерін тигізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв-ға сілтеме жасап.

Бірінші жаман әдет – адам суды аз тұтынуы. Жас ұлғая келе, адамдар шөлдеу сезімін сезбейді, сол себепті жасы 60-тан асқан жандарға ішкен судың мөлшерін бақылау қажет. Екіншісі – тамақтағы ақуыздың жетіспеушілігі.

 «60 жастан асқан адамдарда бұлшық ет массасын жоғалту қаупі басым, егер сіздер тұтынатын тағамда ақуыз мөлшері жеткіліксіз болса, бұл процесс жылдамдауы мүмкін», - деп келтірді Eat This, Not That порталы.

 Кешкі асты уақытынан кешіктіріп ішу де ағза үшін зиян, тіпті ол пайдалы тағам болса да, түнде тамақты көп жемеген абзал. Ұйықтар алдында жеген тамақ диабеттің даму қаупін және метаболизмді бұзылыстар қаупін арттырады.

Төртінші зиянды әдет – жасұнықтардың жетіспеушілігі. Ол асқазан-ішек трактінің жұмысын қалыпқа келтіреді, микрофлораны сақтап, иммунитетті нығайтады. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін сұлы жармасын, жидектер, алма және бұршақ жеу керек.