Алматылық кескіндеме шеберлерінің көрмесі Павлодарда ашылды

Алматылық кескіндеме шеберлерінің көрмесі Павлодарда ашылды
Сурет: 24.kz

Осы жолы экпозицияға Оңтүстік астананың көрікті жерлері мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін паш ететін 70-тен астам туынды ұсынылды.

Картиналардың авторлары Алматы өнер академиясының түлектері. Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, осы тектес шаралар өнерсүйер қауым арасында жоғары сұранысқа ие. Көрме ашылғалы жүздеген адам келіп, қылқалам шеберлерінің шығармашылығымен танысып үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Көрермен назарына ұсынылған картиналардың қатарында көркемсурет музейінің қорында сақталған атақты суретші Әбілхан Қастеевтің «Менің Отаным» туындысы бар. Көрмеде, сонымен қатар, портрет, натюрморт, пейзаж жанрында орындалған шығармаларды да тамашалауға болады.

«Мақтанышымыз – Әбілхан Қастеевтің картинасы. Осындай үлкен форматты картина біздің облыстық музейінде ғана бар Қазақстан бойынша. Бұл картинада Әбілхан Қастеев өзінің туған жерінің әсемдігін, табиғатын, сұлулығын, байлығын, көрстекісі келген. Бұл картинада сол кездегі заманға сай дамып келе жатқаны бейнеленген. Артқы фонда қазақтың ұлттық өмір салты бейнеленген», - дейді  облыстық көркемсурет музейінің қызметкері Камилла Байболова.