Бұқтырма су қоймасында орналасқан аралда өрт шықты

Бұқтырма су қоймасында орналасқан аралда өрт шықты
Сурет: Inform.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Алтай ауданы Октябрьский кентіндегі Бұқтырма су қоймасының Гусиный аралында өрт болды.

Оқиға орнына жету үшін өрт сөндірушілерге суда қайықпен жүзіп баруға тура келді. Қызыл жалын шөп пен қамысты шарпыған.

«Сол жерге жеткен №20 өрт сөндіру бөлімшесінің және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күреске кірісті. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 гектарды құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өртті өшіруге барлығы 6 адам жұмылдырылған.