52 жолаушысы бар автобус аударылды

52 жолаушысы бар автобус аударылды Сурет: Ашық дереккөз

Түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау орталық ауруханасына жеткізілді


Бүгін Самара – Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте күзет агенттіктерінің бірінің 52 қызметкері болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты Ақжар ауылының маңында болған.



«Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері, олар жұмысқа бара жатқан», - делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.



Полицейлердің айтуынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус шұңқырға ұшып кеткен.


Түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады ведомстводан.


Дәл осы тарссада 13 қазан күні таңертең "Газель" мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан автобустың бір жолаушысы қаза тауып, бесеуі зардап шекті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06