Президент Мемлекеттік күзет қызметінің ұжымын құттықтады

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің ұжымын құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Құрылым ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқарды.

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің зор екенін атап өтіп, бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.

«Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.