Алматылық дәрігер балалардың неліктен қант диабетімен жиі ауыратынын түсіндірді

Алматылық дәрігер балалардың неліктен қант диабетімен жиі ауыратынын түсіндірді
Сурет: Ria.ru

Бұл - аутоиммунды патология.

№36 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Жаклин Ермұратова неліктен балалардың неліктен қант диабетімен жиі ауыратынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-kshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соңғы кездері балаларда жеңіл көмірсулы тамақтарды жеп, дене шынықтырумен жеткілікті түрде айналыспағандықтан, дене салмағының артуы себепті ІІ типтегі қант диабеті анықталып жатыр. Балалардағы қант диабеті, көбінесе, аутоиммунды патология.

«Әйелдерде жүктілік кезінде антидене жасалатын аутоиммунды патология мен инфекция, соңында эндокриндік темірдің қауіп төндіруші клеткалары анықталады. Мысалы, антиденелер қалқанша безді жаулайды, соның салдарынан аутоиммунды тиреоидит дамиды. Жауланған ұйқы безінің клеткалары балада аутоиммунды қант диабетінің дамуына апарады», - дейді №36 қалалық емхананың эндокринолог-дәрігері Жаклин Ермұратова.

Сонымен қатар, ол І типті қант диабетімен ауратын балалар өмір бойы инсулинді терапия алатын болады. Бұл инсулиннің абсолютті түрде жеткіліксіз болуына байланысты екенін жеткізді.

«Балаларды жеңіл сіңетін көмірсулы тамақтар мен тәтті газдалған сусындарды, фастфуд, жартылай фабрикат өнімдерді ішкізбеу арқылы және дене шынықтыру жүктемесін жоғарлату арқылы күн тәртібін, тамақтану және ұйқы режимін дұрыс сақтай отырып 2 типтегі қант диабетінен аулақ ұстауға болады»,- деді Жаклин Ермұратова.