Алматылық дәрігер атопиялық дерматит туралы айтып берді

Алматылық дәрігер атопиялық дерматит туралы айтып берді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сіз және сіздің балаларыңыз нені білуі керек? 

Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір төртінші бала оның әртүрлі формаларынан зардап шегуде. Аурудың белгілері туралы Алматы Тері-венерологиялық диспансерінің дерматовенерологы Дана Ахметова баяндап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атопиялық дерматит – күрделі мультифакторлы ауру. Аурудың негізгі көрінісі ұйқыға кедергі келтіретін, жалпы әл-ауқатты нашарлататын және үнемі тітіркенуге әкелетін қышу болып табылады.

Маманның айтуынша, бұл патология терінің созылмалы иммундық қабынуымен сипатталады. 

«Зерттеу деректеріне сәйкес, балалық шақта клиникалық белгілері бар науқастардың шамамен үштен бірі егер емдеу уақытында басталса, ересек жаста өздерін қанағаттанарлық сезінеді», – деп атап өтті Дана Ахметова.

Атопиялық дерматиттің клиникалық көрінісі терінің әртүрлі аймақтарында көптеген қабыну ошақтарының пайда болуына байланысты. Олар ауру сатысына байланысты әртүрлі көрініске ие болуы мүмкін

«Жіті фазада элементтер ашық қызыл болады. Қабыну аймағына қосымша қан ағымының әсерінен жергілікті ісіну пайда болады. Қабыршақтар, бүртіктер болуы мүмкін. Пальпация кезінде тері беттері ылғалды болады. Жартылай ремиссия кезеңінде ет бетіндегі түсті бөртпелер құрғақ, қабыршақтануы мүмкін. Жаңа элементтердің пайда болуы көбінесе терінің киімге үйкелісінен болады. Тері бөртпелерінің таралуы: бас аймағында (оның түкті бөлігінде), мойын мен кеудеде; әдетте буындардың экстензорлы беттерінде жаңа бөртпелер пайда болады», – дейді дәрігер. 

Атопиялық дерматит генетикалық анықталған ауру екендігі дәлелденді. Яғни, егер ата-аналардың бірі осындай патологиядан зардап шегетін болса, оның балада пайда болу мүмкіндігі 30-40% болуы мүмкін. Анасында да, әкесінде де ауру болған кезде нәресте үшін қауіп 70-75%-ға дейін артады. 

«Жасөспірім балаларда кейде атопиялық дерматиттің себебі психосоматика болып табылады, мұндай жағдайларда психологтар немесе балалар психиатрлары әрдайым емдеуге ықпал ететін болады», – деп түсіндірді Ахметова.

 - Қалай болғанда да, егер сіз теріңізде бөртпе байқасаңыз, шұғыл түрде дәрігерге қаралуыңыз керек, - деп кеңес береді дерматовенеролог.