Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді

Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

"Ақбұлақ" шағынауданында Алатау ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.

Есірткі құралдарының аса ірі көлемде сақталуы туралы жедел ақпарат келіп түскен кезде, тәртіп сақшылары жедел және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жүргізу нәтижесінде бірнеше бума есірткі заттары табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасы іскер әйелдің жарты келі гашишты сатпақшы болғанын анықтады. Аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмыс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.