Алматы облысынан сенатор сайлауы сәуір айында өтеді

Алматы облысынан сенатор сайлауы сәуір айында өтеді
Сурет: Abai.kz

Сайлау 22 сәуірге белгіленді.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысынан сенатор сайлауы сәуір айында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау 22 сәуірге белгіленді», - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Экс-сенатор Нұрлан Қылышбаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне ауысқаннан кейін босаған мандатқа депутат сайланатын болады.