Алматылық 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі

Алматылық  13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі
almaty-akshamy.kz

Алматылық 56 ардагердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алып, тағы 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барынша әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы баяндады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

"Бүгінде Алматыда 56 ғана Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Оларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады», - деді Серік Шолпанқұлұлы.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны - 13 мың адам.
Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтыны жөнінде қоса айтты.