Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус аударылып қалды

Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус аударылып қалды
Сурет: интернеттен

Бұған қатты жел себеп болған.

Оқиға Алматы – Екатеринбург тасжолында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы аумағында аударылып қалды.

Полицияның дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17:30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.

Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы Yutong автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.

Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.