Алматыда ұстаздар марапатталды

Алматыда ұстаздар марапатталды
Cурет: Әкімдік

Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов аудан педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Мерекелік шара барысында аудан басшысы «Қазақстан мұғалімі 2021» ұлттық сыйлығының иегері Алла Буренковаға және бірінші орын алған «Тәуелсіз елдің тәлімді ұстазы» байқауының жеңімпаздары Мәншүк Түктібаеваға, 2 орын иегері Жанар Сатымбаеваға және 3 орын алған Әсел Новикске естелік сыйлықтар мен Алғыс хат табыс етті, деп жазды аудан әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында.

Сайран Сайфеденов педагогтар жер бетіндегі ең асыл миссияны – өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды орындайтынын атап өтті.