Қалада қанша адам вакцина алды

Қалада қанша адам вакцина алды
Cурет: Strategy2050.kz

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 118 235 адамды құрайды.

2021 жылғы 2 қазанға арналған вакцинация бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентты 1 935 адам, 2-компонетты 3 539 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-01.10.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентты 955 140 адам, 2-компонентты 863 356 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 118 235 адамды құрайды.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды»,  - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметі.