Бейжің марафонына тек вакцина алғандар қатысады

Бейжің марафонына тек вакцина алғандар қатысады
Cурет: 24.kz

Марафон 1981 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. 

ҚХР астанасында 31 қазанда өтетін мерейтойлық, 40-халықаралық Бейжің марафонына тек вакцина алған желаяқтар ғана жіберіледі. Бұл туралы спорт шарасын ұйымдастыру комитетінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

40-халықаралық Бейжің марафоны 2020 жылы өтуі тиіс болған, алайда коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеген еді. Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап Қытайдағы осы беделді спорт жарысына қатысушыларды тіркеу ресми түрде ашылды. Тіркеу 4 қазанға дейін жалғасады. Ұйымдастыру комитетінің хабарламасында айтылғандай, сондай-ақ марафон қатысушылары коронавирусқа қарсы вакциналануы керек, олар жүгіруден 21 күн бұрын күн сайын денсаулығының жай-күйі туралы хабар беріп, Бейжіңнен шықпауы керек. Сонымен қатар, марафон басталардан 72 сағат бұрын жүгірушілердің КВИ тестісі теріс нәтиже көрсетуі керек. Ұзындығы 42,195 км болатын марафон қашықтығы Бейжіңнің орталығындағы Тяньаньмэнь алаңынан басталып, ҚХР астанасының солтүстігіндегі олимпиадалық спорт кешенінде аяқталады. Бейжің марафоны 1981 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жарыс трассасы Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығының өлшемдеріне сәйкес келеді және онда әлемдік рекордтар орната алады.