Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді
almaty-akshamy.kz

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда сағат 04:58:53-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Қытайда афтершок болған. Алматы қаласында 3 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - делінген хабарда.