Алматыда жауын жауып, көктайғақ болуы мүмкін

Алматыда жауын жауып, көктайғақ болуы мүмкін
Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміхдің барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

31 қазанда Астанада тұман, көктайғақ болады.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа бағытқа ауысып, жел екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Абай облысының шығысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікте және шығыста бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып отыр. Күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың басым бөлігінде жел болады. Екпіні 17-22 м/с, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында кей жерлерде 24-29 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Таңертең және күндіз Жетісу облысының орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз облыс орталығында, шығысында, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығыс, шығыс бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде кей кездері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың солтүстігі мен шығысында бағыты батысқа ауысады. Екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, батыста, солтүстіктн, шығыста екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, облыстың шығысында күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста солтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.