"ҚазАвтоЖол" басшысы не себептен қызметінен кетті?

"ҚазАвтоЖол" басшысы не себептен қызметінен кетті?
Сурет: Instagram/kassymbayevmeirkhat

Қызметтен кететінін Мейірхат Қасымбаев 30 қазанда Instagram желісінде жариялады.

"Бүгін жеке шешіміме сәйкес "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Басқарма Төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды", – деп жазды ол.

Мейірхат Қасымбаевтың сөзінше, соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді, яғни шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылған.

"Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылданып жатыр" - дейді  М.Қасымбаев

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып екі жылға жуық қызмет атқарды. Ол бұл қызметке 2022 жылғы ақпан айында тағайындалған.