Сергей Шойгу: Ресей Украинамен келіссөзге дайын

Сергей Шойгу: Ресей Украинамен келіссөзге дайын
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан X Сяншань форумында РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Украинамен келіссөзге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz halykuni. kz сілтеме жасап.

Ресей Украина дағдарысынан кейінгі жағдайды реттеп, Батыс елдерімен ынтымақтастықты қайта нығайтуға дайын. Жалпы, біз саяси пікірталасқа дайынбыз, – деді Сергей Шойгу

Оның айтуынша, келіссөздер екі жаққа да тиімді болу керек. Екі жақ проблеманы шешу үшін бәріне шынайы қарауға тиіс.

 РФ Қорғаныс министрінің айтуынша әлемдегі ядролық қаруы бар мемлекеттер бір-біріне құрметпен қарап, дүниежүзінде көпполярлы әлем құру үшін халықаралық қауіпсіздік мәселесін қайта қарау керектігін айтты.