Алматыда ойын клубтарына ұрлыққа түскен жігіт ұсталды

Алматыда ойын клубтарына ұрлыққа түскен жігіт ұсталды
Сурет: РБК

Күдікті қамауға алынды.

Алматыда ойын клубтарына ұрлыққа түскен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы Д. есімді азамат ұсталды.

«Жас жігіт ойын приставкаларымен айналысқан. Ол келушінің атын жамылып, ойын клубтарына барып жүрген. Өзіне ыңғайлы уақытта қызметкерлердің назарын аударып, сол жерден техниканы ұрлаған. Күдікті қамауға алынды. Өзінің ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жас жігіттің жеке басы қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. Сонымен қатар күдікті ұрланған мүлікті қайда сатқанын анықтайтын боламыз. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.